Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Алматы қаласының полицейлері бірнеше автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сәттері бейнеленген видеожазбаны анықтады.

Іздестіру шаралары аясында жол қозғалысы ережесін бұзған көлік жүргізушілері анықталып, ұсталды. Олардың әрқайсысына қатысты құқықтық талдау жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың сипаты ескеріле отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Мұндай құқық бұзушылық әрекеттер жазасыз қалмайды. Алматы полициясы мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды күшейтуді жалғастыруда. Жүргізушілерді жеке жауапкершілікті ұмытпауға шақырамыз, себебі жол – ойын алаңы емес. Біздің жұмысымыздағы басты қағидат – "Заң мен тәртіп", сондай-ақ барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі", – деді, Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сонымен қатар барлық қатысушы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Полицейлер агрессивті жүргізу стиліне бейім жүргізушілер тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі