Алматыда полицейлер көшеде төбелес ұйымдастырғандарды ұстады

Фото: Zakon.kz
Алатау ауданындағы аулалардың бірінде көше төбелесі тіркелді. Оқиға туралы хабар түскен соң, полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетті.

Қақтығысқа қатысқан барлық азаматтар анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Көше төбелестері – бұл жай ғана тұрмыстық жанжал емес, бұл қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын әрекет. Қоғамдық орындардағы агрессияның кез келген көрінісіне принципті түрде әрекет етеміз. Қоғамдық тәртіпті бұзып, күш қолданған әрбір азамат заң алдында жауап береді", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Алматы қаласының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдық екенін еске салады. Кикілжің жағдайларында сабыр сақтау және дереу полицияға жүгіну аса маңызды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы