Алматыда тағы бір көлік жуу орны сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Ахмедияров көшесі, 18/58 мекенжайындағы көлік жуу және сервис орталығының сүрілгені туралы хабарлады.

Жоспардан тыс тексеріс барысында жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, бұрынғы ғимаратты бұзып, екі бірқабатты ғимараттың салынып, олар көлік жуу және май ауыстыру бекеті ретінде пайдаланылып жатқаны анықталды.

Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, ғимараттарды бұзу туралы нұсқама берілді.

2024 жылы 16 қаңтарда басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берді.

Сот басқарманың талабын қанағаттандырып, 2024 жылы 20 маусымда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатылы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгінде сот шешімін орындау мақсатында заңсыз салынған ғимараттарды иесі өзі бұзып тастады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз