Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 108 млрд теңге шешіп алған

Фото: Zakon.kz
Бірыңғай зейнетақы қорынан жинақтарын пайдаланатындар күрт көбейген.

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан шілдеде 108 млрд теңге шешіп алған.

Бұл былтырғы жылдың дәл осы айдағы көрсеткішінен шамамен екі есе көп, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәселен, былтыр шілдеде 73 мың адам жинақтағы ақшасын баспана алуға жұмсаса, биыл қордан осы мақсатта қаржы сұратқандардың саны 110 мыңнан асты.

Қорға емделу үшін өтінім жазатындар да көбейген.

Биыл 66 мың адам ақшасын денсаулығын жақсартуға жұмсаған. Бұл былтырғыдан 67 пайызға артық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды