Алматы қаласы әкімінің орынбасары отставкаға кетті

Сурет: gov.kz
2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен кеткенін хабарлады. Осы күннен бастап Әсем Нүсіпова әкімнің орынбасары қызметін атқармайды, деп жазады Zakon.kz.

Әкімдіктің ресми хабарламасында:

"2025 жылғы 7 тамызда Әсем Нүсіпова өз еркімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті".

2022 жылдың ақпан айынан бері ол білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларын қадағалап келген болатын.

Қала әкімдігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Дархан Сатыбалдының орынбасарлары:

Олжас Смағұлов – экономика және мемлекеттік активтер, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, туризм, экология және абаттандыру мәселелерімен айналысады.

Айта кетейік, Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскеннен кейін әкімдікте кадрлық өзгерістер орын ала бастады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ