Астанада көші-қон заңнамасын бұзған тұлғалар ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
5-7 тамыз аралығында елордада "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Рейдті өткізу үшін көші-қон қызметі, криминалдық полиция, учаскелік инспекторлар және жол-патрульдік полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топтар құрылып, күшейтілген режимде жұмыс жүргізілді. Үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 276 дерегі анықталды.

Оның 229-ы — шетел азаматтарының Қазақстанда болу тәртібі мен мерзімін бұзуы.

Сонымен қатар көші-қон режимін бұзып жүрген тұлғаларға тұрғын жай бергені және уәкілетті органдарға келген шетелдіктер туралы дер кезінде хабарламағаны үшін 35 жеке және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. 12 жұмыс беруші қажетті рәсімдер мен рұқсаттарды сақтамастан шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен 40 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды, оның ішінде 7-еуі – мәжбүрлі түрде.

Полиция ескертеді: Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық тұлғалар көші-қон талаптарын сақтауы тиіс. Шетел азаматтарына тұрғынжай беретін немесе жұмысқа тартатын азаматтармен ұйымдар да қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап береді.

Көші-қон бақылауы тек құқық бұзушылықтарды анықтауға емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Жұмада еліміздің 10 өңірінде аптап ыстық болатыны ескертілді

ҚР Атом энергиясы Агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті туралы ереже бекітілді