Алматыда ірі құрылыс нысаны бұзылып жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Ерменсай шағынауданында, Жәңгір хан көшесі, 46-үйде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бұзылып жатқанын хабарлайды.

Тексеру кезінде нысан иесінің құрылысқа рұқсат беретін тиісті құжаты жоқ екені және жоба сызбасының қате болғаны анықталған.

Осыған байланысты меншік иесіне (жеке тұлға) әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, Бостандық аудандық сотына нысанды сүру туралы талап-арыз берілді. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот процесі жүргізілді.

2023 жылы 15 тамызда Жоғарғы соттың қаулысымен алғашқы сот инстанциясының нысанды бұзу жөніндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Кейіннен Алматы қаласы Әділет департаментінде орындау процесі басталды.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты