Астанада Жұмабаев көшесінің бір бөлігі 20 тамызға дейін жабылады

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын 11 тамыздан бастап Мағжан Жұмабаев көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық басқарма мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі.

"Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 11-20 тамызы аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы тараптардың бірімен екі бағытта да ұйымдастырылатын болады", делінген хабарламада.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап алу және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатыны да нақтыланады.  

Бұған дейін Астанада қытайлық мамандардың қатысуымен LRT-ны іске қосу дайындығы басталып кеткенін хабарланған

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді