Ресейде жүрген қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 12 тамызда Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Ресей Федерациясында жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дипломатиялық өкілдік қазақстандықтарға құқықтық мәртебесін реттеу қажеттігін еске салды.

2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 "Ресей Федерациясында шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың жекелеген санаттарының құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы" Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығын орындауға байланысты, Ресейде болу ережелерін бұзған шетел азаматтарына 2025 жылғы 10 қыркүйекке дейін өздерінің елде болуын заңдастырулары қатаң түрде ұсынылады.

2025 жылғы 10 қыркүйектен кейін құқықтық мәртебені реттеу мүмкін болмайды.

Осы күннен бастап елде болудың заңды негізін жоғалтқан шетел азаматтарына оларды Ресей Федерациясынан шығару шаралары қолданылғанға дейін, заңда көзделген барлық шектеулер қойылады, соның ішінде болашақта Ресейге кіруге тыйым салу қарастырылған.

Естеріңізге саламыз, шетел азаматтарының Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 90 тәулікпен шектелді (сілтеме) (бұрын 180 күн ішінде 90 тәулікке дейін болуға рұқсат етілетін).

Ресей Федерациясында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы толық ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды