Қазақстанда жасанды интеллект мұғалімдердің орнын баса ала ма- министр жауап берді

Фото: pixabay
2025 жылғы 12 тамызда өткен Үкіметтегі брифингте Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жасанды интеллект мұғалімдердің орнын алмастырмайтынын, керісінше оларға көмекші болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистердің ЖИ қашан мұғалімдерді алмастыра алады деген сұрағына министр қысқа ғана: "Жақын арада емес", – деп жауап берді.

"Біз жасанды интеллект арқылы сабақ берудің тиімділігін арттырғымыз келеді, ал мұғалімдерді роботтармен алмастыруды көздеп отырған жоқпыз. Мұғалімдерді роботтармен ауыстыру – бұл өте қымбатқа түсетін дүние. Сонымен қатар, адамның беретін эмоциясын ешкім бере алмайды. Сол себепті, бүкіл әлемде, біз де соны зерттей келе, ешбір ел мұғалімдерді роботтармен алмастыруды жоспарлап отырған жоқ", – деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, қазіргі басты мақсат – оқушыларды жасанды интеллектті тиімді пайдалануға үйрету.

"ЖИ – мұғалімдерге көмекші болады, бұл қазірдің өзінде жүзеге асып жатыр. Бұл педагогтарды шаршататын, рутиналық жұмыстардан босатуы тиіс. Қазіргі таңда бұл мәселе зерттеліп жатыр, қандай жұмыстар рутиналық деп саналатыны анықталып, оларды автоматтандыру көзделуде. Сонымен қатар, білім сапасын жақсарту және оқу процесін дұрыс ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі немен айналысуы керек деген ұйымдастырушылық мәселелер де қарастырылып жатыр", – деді министр.

Бұған дейін мектептерде орын тапшылығы ең жоғары өңірлер аталғандығын жазғанбыз.

Қазақстан
Бейсембаев Ғани

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді