Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа монеталар шығармақ

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 14 тамызда Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Монеталарда ел Конституциясын айшықтайтын ашық кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында "30" саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. "30" санын бейнелеу ісінде алтын жалату технологиясы қолданылған. Монетаның ерекшелігі де сонда",- делінген ақпаратта.

Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі – алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – "proof", номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

Номиналы 100 теңгелік монетаның бейнесі – нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған. Массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, дайындау сапасы – "uncirculated", номиналы 100 теңгелік, таралымы – 5 000 000 (бес миллион) дана.

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

Сондай-ақ, номиналы 1 000 теңгелік күміс монеталардың ҚҰБ интернет-дүкені арқылы қашан сатуға шығарылатыны ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланатындығы атап өтілді. Ал, номиналы 100 теңгелік биколорлы монеталар циркуляциялық монеталармен бірге Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналымда болады.

"Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкіндегі банктік шоттарға есепке алынуға және аударым жасалуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады". ҚР Ұлттық Банкі

Бұған дейін Ұлттық Банк "ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ" коллекциялық монеталарын айналымға шығарған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды