Ұлттық Банк "ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Колекциялық монета, Ұлттық Банк, ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 19:48 Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық Банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ" монеталарында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді", делінген Ұлттық Банк хабарламасында.

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан.

"80" санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.

Монеталар:

  • алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалды, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған, дайындау сапасы – "proof", номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

  • нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалды, массасы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 мм, дайындау сапасы – "uncirculated", номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 10 000 000 (он миллион) дана.

Номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

Бұған дейін қазақстандықтарға сауда алаңдары арқылы инвестициялық монеталарды сатуға және сатып алуға рұқсат етілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: