Қазақстандықтарға сауда алаңдары арқылы инвестициялық монеталарды сатуға және сатып алуға рұқсат етілді

Қолданыстағы ережеге сәйкес, инвестициялық монеталарды сатуды және сатып алуды Ұлттық банктің филиалдары мен Ұлттық Банктің Орталығы жүзеге асырылатын.
Ал, жаңа ереже бойынша, инвестициялық монеталарды сату және сатып алу да сауда алаңы арқылы жүзеге асырылады.
Бұған қоса, "сауда алаңы" ұғымы нақтыланды - инвестициялық монеталарды, оның ішінде бөліктер (үлестер) бойынша сату және сатып алу жүзеге асырылатын онлайн платформа
Бұл ретте Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды сауда алаңы арқылы сатуы және сатып алуы, оның ішінде инвестициялық монета жасалған бағалы металдың химиялық таза салмағының граммымен (унциясымен) айқындалатын бөліктер (үлестер) бойынша сату бағасы бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық Банктің Ұлттық Банктің филиалында жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) алған инвестициялық монеталарды сатып алуы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қаулы 2025 жылғы 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.