Алматыда жол қиылысы 12 күнге жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданында жылу құбырларын жаңғыртуға байланысты Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметіне сүйенсек, алдағы жылыту маусымына дайындық барысында Алматының Бостандық ауданында жылу желілерін жоспарлы қайта жаңғырту жалғасуда. Бұл жұмыс аясында 1984 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1,2 шақырымдық жылу магистралі ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылы 16 тамыздан 27 тамызға дейін Розыбакиев пен Байкадамов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

"Бұл шектеулер аталған көшенің астынан өтетін құбыр желісін қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жаңарту жұмыстары кезінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды",- деп түсіндірді ведомство.

Сурет: Алматы жылу желілері

Аталған жылу магистралі 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 аурухананы және 27 өзге де нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Шымкентте бір түнде үш әкімшілік ғимараты өртенгендігін жазған болатынбыз. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті