Астанада "Бәйтерек" монументінің жанындағы қиылыс кешкі уақытта жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астанада Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында екі күн бойы кешкі уақытта қозғалыс толықтай жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бұл учаскеде жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 2025 жылғы 15 тамыз сағат 22:00-ден 16 тамыз сағат 06:00-ге дейін, сондай-ақ 16 тамыз сағат 22:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылады", - деп нақтылады басқарма жұма күні.

Күндіз бұл бағыттағы жол ашық болады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс ұйымдастырудағы мүмкін өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", - делінген басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ астаналықтарға бұл өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қозғалысты алдын ала жоспарлауды ескертті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады