Президент ұсынысы қабыл болды: қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды

Сурет: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысына сәйкес, агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құру жүктелді.

Агенттік сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми байланыс арналарын пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізеді.

Айта кетсек, 2025 жылы 8 тамызда Үлкен ауылындағы Балқаш көлінің жағасында Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясының құрылыс жұмыстарының ресми басталуына арналған салтанатты шара өткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі