Алматыда өрт кезінде 78 жастағы кейуана зардап шекті

Фото: Zakon.kz
20 тамызда түнде Алматы қаласының Бостандық ауданында Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 8-пәтерлі 2-қабатты тұрғын үйде бірінші қабаттағы пәтердің жануы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртті сөндіру барысында ТЖМ құтқарушылары баспалдақ арқылы 54 және 78 жастағы екі әйелді құтқарды.

"Жану өнімдерімен уланған кейуананы өрт сөндірушілерге көтеріп алып шығуға тура келді. Қазір зардап шегуші медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында",- делінген ақпаратта.

Өрт басқа пәтерлерге таратылмай 30 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді.

 

Бұған дейін Ақмола облысында екі балаға жай түсті, бірі оқиға орнында көз жұмғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз