Сегіз өңірдегі арнайы операция: ҰҚК заңсыз қару-жарақ айналымын тоқтатты

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2025 жылғы 21 тамызда қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

"12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алып қойылды. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда",- деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыдағы қарақшылық шабуыл туралы жазғанбыз. Онда күдіктілер түн ортасында үйге басып кіріп, ер адамды жарақаттап, тонап кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды