Алматыда 24 тамызда ірі магистральда қозғалыс шектеледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
24 тамызда Алматы әлемдік әуесқой велоспорттың астанасына айналады. Осы күні қалада әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі – Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жол қозғалысына шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы жексенбіде сағат 04:30-дан 09:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылында Достық даңғылынан Дулати көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылықтар мен қала қонақтарына мынадай балама бағыттар ұсынылды:

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматылықтар мен қала қонақтарын қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауға шақырамыз", – деп мәлімдеді мегаполис билігі.

Алматыға түрлі елдерден 500-ден астам спортшы жиналады деп күтілуде. Жарыс алты жас санатында өтеді, ал "Абсолют" санатындағы жеңімпаз Gran Fondo World Tour нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын иеленеді.

Бұған дейін Ақтаудың бас жоспары өзгергендігін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды