Ақтаудың бас жоспары өзгерді
Фото: akorda.kz
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына сәйкес әзірленетін, перспективада кешенді дамудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көліктік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.Қазақстан Республикасының қала құрылысы саласына жататын басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:
- бастапқы жыл – 2023 жылғы 1 қаңтар;
- бірінші кезек – 2028 жыл;
- есепті мерзім – 2040 жыл.
Бас жоспарда:
- әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiктік және инженерлiк инфрақұрылымды және байланыс желілерін орналастыруды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар ескерiле отырып, елдi мекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттары;
- осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеу;
- елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы;
- жердi басымдықпен иелiктен шығару және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар;
- аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар;
- кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;
- су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар;
- елдi мекендi орнықты дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралар айқындалады.
Осы бас жоспар Каспий теңізінің акваториясын қамтитын жаңа әкімшілік шекараларды ескере отырып, Ақтау қаласының шегінде 124,5 мың га аумаққа әзірленді. Қарастырылып отырған аумақ қаланың перспективалық аумақтық дамуына сәйкес қабылданды.
Қаланың стратегиялық дамуының тұжырымдамасы:
- 1-аспект: Маңғыстау облысының заманауи, көпфункционалды әкімшілік, қаржылық және мәдени орталығы;
- 2-аспект: облыстың өнеркәсіптік, инновациялық орталығы;
- 3-аспект: республиканың халықаралық көліктік-логистикалық орталығы;
- 4-аспект: республиканың туристік-рекреациялық орталығы.
Қала халқының жобалық саны:
- құрылыстың бірінші кезегі (2028 жыл) – 338,0 мың адамды;2
- есепті мерзім (2040 жыл) – 500,0 мың адамды құрайды.
Бас жоспарда есепті мерзімге дейін жалпы білім беретін мекемелердегі орындар санын қазіргі 31204 орынға қатысты 78,0 мың оқушы орнына немесе бастапқы жылдағы 28 мемлекеттік мектепке қатысты жаңа 70 мектепке ұлғайту көзделген.
Мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту үшін есепті мерзімге қарай мектепке дейінгі мекемелердегі орындар санын 31,64 мың орынға ұлғайту қарастырылған, межеленген құрылыстың бәрін мемлекеттік және жеке үлгідегі бөлек тұрған балабақшалар ретінде салу ұсынылады.
Есепті мерзімге жайлы тұруды қамтамасыз ету үшін жалпы қуаты бір ауысымда 5,04 мың адам қабылдайтын амбулаториялық мекемелерді енгізу, сондай-ақ халықтың болжамды санын ескере отырып, төсек-орынның ауруханалық қорын 1600 бірлікке ұлғайту қажет.
Бірінші кезеңде (2028 жыл) мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің 3 объектісін салу көзделген, оның ішінде 1 аурухана, 2 амбулаториялық емхана, есепті мерзімге – 8 мемлекеттік денсаулық сақтау объектісі, оның ішінде 2 аурухана, 6 емхана.
Қаулы 2025 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді..