Электр энергиясына инвестициялық тариф қалай қалыптастырылады

Линии электропередач, электричество, электроэнергия, электроэнергетика , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 16:46 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Үкіметі 2025 жылғы 12 тамыздағы қаулысымен инвестициялық тарифті беру мерзімдерін қалыптастыру және белгілеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережелер келесі ұғымдарды анықтайды:

инвестициялық тариф – іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға Заңда көзделген тәртіппен айқындалған сағаттық тариф;

инвестициялық тарифті алушы – Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары) айқындалған тәртіппен электр энергиясын инвестициялық тариф бойынша сатып алуды жүзеге асыратын, Заңның 4-бабының 1-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген электр энергиясын инвестициялық тариф бойынша сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген электр энергиясын көтерме тұтынушы (өнеркәсіптік объект);

инвестициялық міндеттемелер – жобаның жаңа тіркелген активтерін сатып алуға, құруға, салуға және пайдалануға беруге жұмсалатын капиталдандырылатын және капиталдандырылмайтын шығыстарды, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жобаны құрылыс сатысында да, пайдалану кезеңінде де іске асыруға байланысты шеккен сыйақылар мен қарыз қаражаты бойынша өзге де шығыстарды қаржыландыру бойынша инвестордың меншікті қаражаты және (немесе) міндеттемелері.

Инвестициялық тариф тиісті тұтынушы желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындардың, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудың жалпы көлеміндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тиісті тұтынушының сатып алу үлесі ескеріле отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға жұмсаған шығындарының үлесі сомасының инвестициялық тарифті алушының тұтыну көлеміне арақатынасы ретінде айқындалады.

Инвестициялық тарифті алу және оны ұсыну мерзімдерін белгілеу үшін электр энергиясын көтерме тұтынушылар Қазақстан Республикасының Үкіметіне негіздеуші материалдармен қоса осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтінім береді.

Өтінім мынадай талаптарға сәйкес болған кезде қарауға қабылданады:

  • өтінім беруші Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген компания болып табылады және энергия өндіруші ұйымның желілеріне тікелей қосылған;
  • жобаны іске асыру 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған;
  • өтінім берушінің өндірістік объектісінің пайдалану мерзімі ол пайдалануға берілген күннен бастап 10 жылдан аспайды.

Өтінімге түсіндірме жазба, инвестициялық міндеттемелердің бар екенін растайтын құжаттар қоса беріледі:

  • инвестициялық міндеттемелердің көлемін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалған Инвестициялар туралы келісімнің нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
  • қаржылық модель, қаржылық-экономикалық негіздеме, техникалық-экономикалық негіздеме (бар болса);
  • электр желілеріне қосылудың техникалық шарттары, теңгерімдік тиесілікті және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі.

Өтінім беруші талаптарға сәйкес келмеген немесе көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды өтінім берушіге қайтарады. Құжаттардың қайтарылуы өтінішті қараудан бас тарту себептері жойылғаннан кейін өтінім беруші қайта жүгінген кезде өтінішті қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган қаржы саласында, сондай-ақ салық және бюджет саясаты, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау, индустриялық даму, инвестиция тарту, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын инвестициялық тариф алуға арналған өтінімдерді қарау жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырады және бекітеді.

Жұмыс тобының құрамына қажетіне қарай өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері (келісу бойынша), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) енгізілуі мүмкін.

Жұмыс тобы өтінімдерді растайтын құжаттармен бірге қарайды және жұмыс тобының әрбір мүшесінің тұжырымы негізінде он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне инвестициялық тариф берудің орындылығы не орынсыздығы туралы дәлелді қорытынды жібереді.

Шешімдер оң болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Қағидаларда және Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу қағидаларында айқындалған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын инвестициялық тариф бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін өтінім берушіні тізбеге енгізеді.

Қаулы 2025 жылғы 29 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: