Президент Жолдауын жүзеге асыру: дүкен сөрелерінің 50%-ын қазақстандық тауарлар құрайды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкімет Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау шараларын күшейтуде. 2025 жылдың мамыр айында тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр, бұл компанияларға мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Дүкен сөрелеріндегі отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында отандық өндірушілер өнімдері үшін кемінде 50% сөрелік кеңістікті көздейтін бағдарлама іске қосылды.

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Барлық бақылаушы органдардың қатысуымен Ахуалдық штаб тиімді жұмыс атқаруда. 47 мыңнан астам көлік тексерілді, тауарлық салмақта бұл 600 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімдері. Оның ішінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылды, 1 мыңнан астам сәйкестікті растау құжаттарының күші жойылды",- деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Бұған дейін Тоқаевтың Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді