Қазақстанда арнайы мемлекеттік жәрдемақыны кімдер алады және ол не үшін төленеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төлеуге қатысты негізгі мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

"2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, оның алушыларының саны 208 668 адамды құрады, оларға 15,7 млрд теңге төленді",- деп мәлімдеді министрлік.

Бұл мемлекеттік қолдау түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілді және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

Оны алуға құқылы азаматтардың 17 санаты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген. Олардың қатарында:

Жәрдемақы мөлшері алушының санатына байланысты және 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгеріп отыратындығы атап өтілді.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері жыл сайын АЕК мөлшерінің артуына байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіп бойынша көтеріліп отырады.

Айта кету керек, егер азамат бірнеше негіз бойынша АМЖ алуға құқылы болса, жәрдемақы тек олардың біреуі бойынша, өз таңдауы ескеріліп төленеді.

Бір қызығы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да ҚР азаматтарымен тең дәрежеде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы.

"АМЖ тағайындау үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында беру керек",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін өрттен қорғалатын аса маңызды мемлекеттік нысандардың тізімі бекітілгендігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты