Өрттен қорғалатын аса маңызды мемлекеттік нысандардың тізімі бекітілді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 20 тамыздағы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен мемлекеттік өртке қарсы қызметі өрттен қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Тізімге 11 нысан енгізілді:
- ҚР Президентінің резиденциялары.
- ҚР Үкімет Аппаратының әкімшілік ғимараты.
- ҚР Парламенті Мәжілісінің әкімшілік ғимараты.
- ҚР Парламенті Сенатының әкімшілік ғимараты.
- ҚР Жоғарғы сотының әкімшілік ғимараты.
- ҚР Конституциялық сотының әкімшілік ғимараты.
- ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты.
- "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.
- "ҚР Президентінің архиві" әкімшілік ғимараты.
- ҚР Президенті Іс басқармасының автокөлік шаруашылығы.
- Материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының автокөлік шаруашылығы.
Бұйрық 2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript