Астанада Instagram арқылы кәсібін дөңгелетпек болған бизнес-тренер 5 жылға сотталды

Фото: unsplash
Бизнес-тренер елорданың сенгіш азаматтарын алдады. Енді ол алдағы бес жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Бұл туралы бүгін, 26 тамызда Астана прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, қылмыскер өзін онлайн-сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырып, болашақ клиенттерді Instagram әлеуметтік желісі арқылы тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын ұсынған.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, салынған қаражаттың 10%-ы мөлшерінде табысқа уәде берген.

"Алайда, төлемді алып, уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзіп, жасырынған",- делінген ақпаратта.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының 50 млн теңгеден астам залал келтірген 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмысын толық дәлелдеді.

"Сот үкімімен кінәліге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды". Астана прокуратурасы

Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанына назар аударады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты