Алматы әуежайында ер адам тамағын кесіп жіберді

Сурет: Zakon.kz
Алматы әуежайында ер адам тамағын кесіп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, T1 ішкі рейстер терминалында жолаушы дәретханада өзіне дене жарақатын салуға әрекет жасады.

Әуежай қызметкерлері жағдайды дер кезінде байқап, шұғыл түрде медициналық қызметті шақырған.

"Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында.

"Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр". Алматы халықаралық әуежайы

Zakon.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне осы оқиғаға қатысты ресми сауал жолдады.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 25 тамызда сағат 22:06-да Алматы әуежайының "Т-1" терминалында ер адам касса жанында өзіне от қоймақ болған еді. Полицейлер оны дер кезінде тоқтатты

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды