Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жібермек болды

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жібермек болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 22:41 Сурет: Zakon.kz
Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды. Полицейлер оны дер кезінде тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, 25 тамыз 2025 жылы сағат 22:06-да Алматы әуежайының "Т-1" терминалында ер адам касса жанында өзіне от қоймақ болған.

Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге тез арада әрекет етіп, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. 

Ер адам қаладағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: