Ел экономикасына 15 миллиард доллардан астам инвестиция тартылады: Президенттің Бейжің сапарынан не күтеміз

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге сапары аясында Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысына қатысады. Кездесулер қорытындысы бойынша 70-тен астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің баспасөз-хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, бұл келісімдер Қазақстан экономикасына жалпы сомасы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Қытайдың 100-ден аса компаниясы арасында жасалатын келісімшарттар энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік және логистика сияқты негізгі секторларды қамтиды.

Инвестиция елімізге салынатын қаржы көлемін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. 

“Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар ірі компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді. Қазақстан делегациясының құрамына отандық бизнес өкілдері де кірді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенімізді көрсетеді”, - деп жазды Желдібай.

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Мемлекет басшысының сапары ертең, 2 қыркүйекте Бейжіңде жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін