Тоқаевтың Қытайдағы сапары Бейжіңде жалғасады
Сурет: akorda.kz
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының сапары ертең, 2 қыркүйекте Бейжіңде жалғасады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету" тақырыбына арналған "ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы ШЫҰ даму банкін құру туралы бастаманы қолдады.
Президент саммитте климат мәселесіне айрықша назар аударып, Каспий теңізінің мүшкіл хәлі туралы да айтты. Сондай-ақ серіктестерге Өңірлік экологиялық саммитті келесі жылы сәуір айында Астанада өткізу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript