ІІМ қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысында Ішкі істер министрлігіне қарасты Арнайы мамандандырылған күзет қызметінің (АМКҚ) қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Хабарламада: "Жезқазғанда полиция қызметкері, кіші сержант, табельдік қарудан әріптесінің аузына бағыттап оқ атқан, салдарынан ол қайтыс болды", – делінген.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 31 тамыз күні сағат 21:00 шамасында Топар ауылында орын алғанын нақтылады. Оқиғаға Арнайы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері қатысқан.

"Топар ауылындағы "ГРЭС" ЖШС нысанын күзету кезінде қайғылы оқиға орын алды. Арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкері абайсызда табельдік қарудан оқ атып, нәтижесінде оның серіктесі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Қазір күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу және қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін тамыз айында Ақтөбеде теміржол вокзалында поез бастығын шылым беруден бас тартқаны үшін өлтіріп кеткені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты