Қазақстандықтарға "Бурабай" ұлттық паркіндегі жыландарға қатысты ескерту жасалды

Сурет: pexels
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі танымдық ескерту жариялады. Онда мамандар парк аумағында қандай тіршілік иелерін кездестіру мүмкін екенін және олардың қаншалықты қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар парк аумағында кәдімгі сарыбасжылан мекендейтінін айтты. Олардың айтуынша, бұл түрді оңай тануға болады:

"Қара түсті жыланның басында айқын сары дақтары болады. Кәдімгі сарыбасжылан усыз және адамға қауіп төндірмейді".

Ведомство парк аумағында қауіп төндіретін, абай болуды қажет ететін тіршілік иесінің бар екенін де жасырмады.

"Бұл дала улы сұржыланы (степная гадюка). Ол – улы жылан түрі. Бақытымызға орай, ол жиі кездеспейді",- деп мәлімдеді мамандар.

Сондай-ақ, Ұлттық парк қызметкерлері келесідей ескерту жасады:

"Сарыбасжылан экожүйеде маңызды рөл атқарады, олар кеміргіштер санын реттеп отырады. Оларды кездестіргенде сабыр сақтаған жөн".

Бұған дейін "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі фототұзақтағы сирек кездесетін кадрлармен бөліскенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты