Шымкентте есірткі жеткізу арнасы жойылды

Фото: Zakon.kz
Қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында есірткіге қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

"Қарасора – 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді қалаға жеткізу арнасының жолы кесілді.​

Жедел іс-шара барысында Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Азаматшаның басқаруындағы көліктен салмағы 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

​Сондай-ақ полицейлер синтетикалық есірткілерді байланыссыз жолмен өткізумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 200 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленіп алынды. Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз