Ержан Нұрлыбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
Ержан Нұрлыбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы 2025 жылы 4 қыркүйекте Үкіметтің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", делінген хабарламада.  

Ол бұл лауазымға 2024 жылы шілде айында тағайындалған.

Ержан Нұрлыбаев 1975 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. 

2004-2006 жылдары аталған медициналық мекеме директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

Әр жылдары Қарағанды облысының бас хирургі болып қызмет істеді, Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығын басқарды. 

2014-2021 жылдары — Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

2021 жылдан бастап "ҚМУ" КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 

Соңғы лауазымына дейін Қарағанды облыстық клиникалық аурухананың директоры болып жұмыс істеді.

Бүгін, 2025 жылы 4 қыркүйекте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов лауазымынан босатылғаны белгілі. Оның орнын Тимур Әбілқасымов басты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты