Тоқаев ҚНРДА басшысының бірінші орынбасарын ауыстырды

Тимур Әбілқасымов, ҚНРДА, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 17:04 Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов лауазымынан босатылды. Оның орнын Тимур Әбілқасымов басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 4 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды".

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетсек, 2025 жылғы 3 қыркүйекте Мәжілістің бірінші жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды енгізілді. Онда Ұлттық қордан жыл сайын қанша қаражат бөлінетіні көрсетілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: