Ұлттық қордан жыл сайын қанша қаражат бөлінетін болады

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 14:12 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2025 жылғы 3 қыркүйекте Мәжілістің бірінші жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева бюджет кірісі ағымдағы жылдың бағасына 4,7 трлн теңгеге өсіммен жоспарланғанын және 19,2 трлн теңгені құрайтынын хабарлады.

"Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфер жыл сайын 2,7 трлн теңге көлемінде жоспарлануда. Бұл ретте, Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферттер көзделмеген. Шығыстар көлемі қаржы жүйесі белгілеген шектен аспайды және 2026 жылы 27,7 трлн теңге сомасында жоспарлануда. Ал, 2026 жылы бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге 2,5% деңгейінде айқындалды, кейіннен 2028 жылға қарай 0,9% – ға дейін төмендеді", – деді депутат.

Ол бұл бюджет жобасы жаңа Бюджет Кодексінің негізінде құрылғанын және қосымшалардың кеңейтілген пакетін, сондай-ақ Парламенттің бюджетті басқару жөніндегі мүмкіндіктерін күшейтетін экономикалық көрсеткіштерді қамтитынын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда Ресей, Украина азаматтарынан 3,2 млрд теңгеге крипта тәркіленгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: