2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қандай болады

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 16:02 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Zakon.kz мәліметінше, 2025 жылдың 22 қазанында Мәжіліс қабылдаған "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң Сенаттың қарауына енгізілді.

Аталған заң 2025 жылдың 29 қазанында Сенатта тіркелді. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей көрсеткіштер белгіленеді:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Сонымен қатар, заң жобасында жасына байланысты және еңбек өтілі бойынша төленетін зейнетақылардың мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға артатыны көрсетілген.

Бұған дейін ел қазынасына ақылы жол учаскелерінен 62 млрд теңге пайда түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: