2025 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызын құрайтын болады., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 15:29 Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, заң жобасында:

  • ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге (қазір 3692 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңге (қазіргі уақытта 57 853 теңге);
  • өмір сүру минимумы 46 228 теңгені (қазіргі уақытта 43 407 теңге) құрайды;
  • ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (қазіргі уақытта 28 215 теңге).

Бұл ретте жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарлануда.

Медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызын құрайтын болады.

Құжат 31 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: