Парламент Қазақстанның үш жылдық бюджетін қабылдады

Бюджет, Парламент, 2026-2028 жылдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 18:45 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 26 қарашадағы Мәжіліс отырысында палата депутаттары Сенаттың "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңына" енгізген түзетулерімен келісті. Құжат президентке қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Ұласбек Сәдібеков ҚР Парламенті Сенаты аталған заңға 76 түзету енгізгенін атап өтті.

"Нәтижесінде 2026 жылы өңірлерді дамытуға қосымша 28,5 млрд теңге бағытталмақ. Бұл қаражат жылу және электр энергиясы салаларын газбен жабдықтауды, жағалауды нығайту жұмыстарын және басқа да бағыттарды қамтиды. Өңірлерге берілетін субвенциялар көлемі 17,5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Өңірлерге қосымша қаражат бөлудің көзі ретінде Үкіметтің резерві мен үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстар айқындалды", - деді ол.

Бұдан бөлек, 79 млрд теңге түрлі мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінді. Ал 73,4 млрд теңге бір мемлекеттік органның өз ішінде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген қаражатқа тиесілі.

"Сенат енгізген түзетулер аталған республикалық бюджет жобасының параметрлерінің теңгерімдігін бұзбайды және өңірлер мен экономиканың тұрақты дамуына бағытталған", деп атап өтті Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков.

Осы орайда Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті бұл заңға Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады. Дауыс беру барысында палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Айта кетсек, 2025 жылы 20 қарашада Сенаттың жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы талқыланды. Сенат құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: