Мәжіліс Ұлттық қордан жыл сайын екі триллион теңге алуды қолдады
Фото: пресс-служба Национального банка РК
Мәжіліс депутаттары 2024 жылғы 30 қазанда палатаның жалпы отырысында Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатты Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ұсынды.
"Заң жобасы Бюджет кодексінің ережесі негізінде әзірленді. Кепілдік берілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес айқындалған. Заң жобасында мұнайды кесу бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллар және 2026-2027 жылдары барреліне 41-39,4 доллар деңгейінде белгіленді. Осыны ескере отырып, 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Заң жобасын қабылдау республикалық бюджетті теңестіруге мүмкіндік береді", — деп атап өтті ҰЭМ басшысы.
Оның айтуынша, жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активі 2025 жылы 62,2 млрд долларды құрайды деп болжануда. Ал 2026-2027 жылдары — 69,9 және 78,7 миллиард доллар.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Қазақстанның даму болжамын айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript