Қазақстанда Ресей, Украина азаматтарынан 3,2 млрд теңгеге крипта тәркіленді

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 13:20 Фото: pexels
Ұлытау облысының арнайы прокурорлары "Kaef Mafia" Telegram-дүкенінің қызметін талдау нәтижелері бойынша Республиканың аумағында синтетикалық есірткі заттарын байланыссыз тәсілмен өткізуді жүзеге асырған оның ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық схема "байланыссыз байланыс" қағидаты бойынша ұйымдастырылып, "дропперлердің" банктік карталары арқылы жүзеге асырылған.

Тергеу барысында есірткі заттарына төлем қабылдау үшін қолданылған 200-ден астам "дропперлік" карта, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестірген 4 Ресей мен Украина азаматтары анықталды. Күдіктілердің 3 қамауға алынып, 4 іздеуге жарияланды. Олардың қатарында қаражатты шетелге криптовалютаға шығарып отырған тұлға да бар.

Қазіргі уақытта екі "есірткіні жасырын қойып таратушыға" қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, заңсыз есірткі айналымынан түскен 3,2 млрд теңге көлеміндегі активтер тәркіленіп, сот шешімімен мемлекет кірісіне өткізілді.

Бүгінгі таңда Telegram-дүкені банктік карталар арқылы төлем қабылдамайды.

Қалған қатысушыларға қатысты тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: