Астанада шағын автобус пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты
Сурет: Астана ПД
Астанада 2025 жылғы 4 желтоқсанда автобустың қатысуымен болған жол көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты. Елордалық полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде",- делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін Түркістан облысында полицияның арнайы көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, үш адам зардап шеккен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript