Маңғыстау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 21:28 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында автобустың қатысуымен болған жол-көлік апаты кезінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 15:35-те орын алған. ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Түпқараған ауданы ПБ ЕҚДБ-да "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырудағы ЖҚЕ бұзушылық" бойынша тіркелген.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: