Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 21:25 Сурет: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
22 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында жол апаты орын алып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты.

Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда.

Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: