Жаңаөзен маңында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жол апаты, Жаңаөзен, Қарақия ауданы, Mitsubishi L-200, SHACMAN, жүк көлігі, бетпе-бет соқтығысу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 19:57 Сурет: lada.kz
Жаңаөзен маңындағы Қарақия ауданы, "Өзен" кен орыны аумағында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәліметті Lada.kz басылымына өңірдің полиция департаменті растады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апаты 26 қаңтарда сағат 19.00 шамасында болған. Mitsubishi L-200 жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, SHACMAN жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Салдарынан жол талғамайтын көліктегі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан Жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір мерзімге қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетсек, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 29 қаңтарда Астанада екі адам қаза тапқан жол апатына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: