Абай облысында жолаушылар мінген автобус пен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Сурет: polisia.kz
Абай облысында жолаушылар мінген автобус пен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 тамыз сағат 05:38 шамасында Toyota Land Cruiser жүргізушісі Таскескен-Бақты тас жолынан 200 метр қашықтықта Ақжар ауылында Абылайхан даңғылы арқылы жүріп келе жатып, VANHOOl жолаушылар автобусымен соқтығысты.
Toyota жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript