Синоптиктер 9 қыркүйекте елімізде ауа райы күрт бұзылатынын ескертті

Сурет: pexels
Қазақстанда алдағы сейсенбіде, 2025 жылы 9 қыркүйекте найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел соғып, тұман болады деп күтіледі. Ауа райының күрт нашарлайтынын "Қазгидромет" РМК-ның мамандары ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, шығыста, Қазақстанның орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, бірқатар өңірлерде мынандай табиғи қауіпті құбылыстар күтіледі:

Бұған дейін синоптиктер Алматыда күн суыта бастайтынын айтып, бір аптаға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз