Алматыда күн суыта бастайды: бір аптаға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Instagram/dots_foto
Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы күндерге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК-ның деректеріне сәйкес, оңтүстік астанада демалыс күндері жылы болғанымен, келесі аптада жауын-шашын болып, ауа температурасы күрт төмендеуі күтіледі.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, бір апта ішінде, яғни 6-12 қыркүйек аралығында жауын-шашынды күндер болады деп болжанады.
"Алдағы үш күнде Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде ауа температурасы 15-тен 19 градусқа дейін аздап көтеріледі деп күтіледі, ал күндізгі уақытта сынап бағаны мына межені көрсетеді: +31...+33°С. Бірақ одан кейінгі күндері орталығы Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан циклонның шығыс бағытқа және соған байланысты атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты мегаполисте жаңбыр жауады деп болжанады". Дәулет Кісебаев
Сондай-ақ, маман қалада екпінді желмен қатар найзағай ойнауы мүмкін екенін айтады. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: түнде сынап бағаны +17...+19 градустан +11...+13 градусқа дейін, ал күндіз +29...+31 градустан +21...+23 градусқа дейін түседі.
- 6 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +31...+33°C.
- 7 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +17...+19°C, күндіз: +31...+33°C.
- 8 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°C, күндіз: +29...+31°C.
- 9 қыркүйек: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +27...+29°C.
- 10 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +25...+27°C.
- 11 қыркүйек: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +23...+25°C.
- 12 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +11...+13°C, күндіз: +21...+23°C.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың қыркүйек, қазан және қараша айларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript