"Күн жылынып, қайта қар жауады". Алматы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 18:51 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына алдағы күндерге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, келесі аптада мегаполисте күн біртіндеп жылынады деп күтіледі. Бірақ жауын-шашынды болмайды деуге негіз жоқ.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кісебаевтың айтуынша, демалыс күндері оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын жайма-шуақ ауа райы күтеді,яғни жауын-шашынсыз. Түнгі ауа температурасы 0 градусты көрсетеді, ал күндіз сынап бағаны +8...+10 градусқа дейін көтеріледі.

"Келесі аптаның басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +10...+12°C-ге дейін көтеріледі. Тек аптаның соңында ауа райы нашарлап, 13 қарашада күндіз жаңбыр жауады, ал 14 қарашада түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады". Синоптик Дәулет Кісебаев

Алматы қаласы бойынша 8-14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

  • 8 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°C, күндіз: +6...+8°C.
  • 9 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 0°C, күндіз: +8...+10°C.
  • 10 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 0...+2°C, күндіз: +8...+10°C.
  • 11 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +1...+3°C, күндіз: +8...+10°C.
  • 12 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +1...+3°C, күндіз: +10...+12°C.
  • 13 қараша: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +10...+12°C.
  • 14 қараша: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°C, күндіз: +8...+10°C.

Бұған дейін "Қазгидромет" бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: