Алматының бір аптаға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр жауып, жел соғады
"Қазгидрометтің" Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 20-26 мамыр аралығында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел 17-20 м/с күшейеді. Апта ішінде ауа температурасы 24 градустан аспайды.
20 мамыр: көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 17 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +20...+22°С.
21-22 мамыр: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +21...+23°С.
23 мамыр: бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +19...+21°С.
24 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +20...+22°С.
25-26 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +22...+24°С.
Сондай-ақ синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылдың 20-22 мамырына арналған ауа райы болжамын ұсынды.