Күн күркіреп, 22 градусқа дейін температура көтеріледі: Алматыда бір аптаға арналған ауа райы болжамы шықты
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 2024 жылдың 23-29 наурыз аралығында оңтүстік астанада ауа 22 градусқа дейін жылынады. Күндіз 22 ° C, түнде 12 ° C дейін. Жұмыс аптасының соңында тағы да жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді.
23 наурыз: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°C, күндіз +12+14°C.
24 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°C, күндіз +14+16°C.
25 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +16+18°C.
26 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°C, күндіз +18+20°C.
27 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°C, күндіз +20+22°C.
28 наурыз: көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°C, күндіз +18+20°C.
29 наурызда: бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°C, күндіз +15+17°C.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның сенбі күнгі ауа райы туралы айтқан болатын.